Тарих және жалпы ақпарат

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Педагогика факультеті, Іргелі ғылымдар кафедрасы

Құжаттағы мәтін:

«Іргелі ғылымдар» кафедрасы тарихы 1976 жылдан басталатын «Жоғары математика», «Физика» кафедраларынан құралған.

2013 жылға дейін «Жоғары математика», «Физика және инфоматика» кафедралары бөлек құрылым болды. Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметінде Жуманова Зинеп Жумановна, Тилепиев Мурат Шапенович, Диярова Лязат Динишевна, Жангунов Орынбасар Нурабаевич, Ахметов Акылбек Кабиевич, Биғожа Оңдасын Дәрменұлы, Нурбатырова Тургангул Сансызбаевна, Туркменбаев Асет Бекболатович аянбай еңбек етіп, кафедраның жан-жақты дамуына зор үлестерін қосты.

2013 жылы «Физика және математика» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметінде Диярова Лязат Динишевна, Нигметова Гулмира Нагимовна еңбек етті.

2017 жылдан бастап «Жаратылыстану ғылымдар» кафедрасы болып өзгертіліп, Нигметова Гулмира Нагимовна басшылығымен математика, физика, информатика, биология, химия мамандары дайындалды.

2019 жылдан бастап «Іргелі ғылымдар» кафедрасына өзгерітіліп, математика және физика мамандарын даярлау жалғасын тапты. Кафедра меңгерушісі қызметінде Нигметова Гулмира Нагимовна, Таймуратова Лидия Унгарбаевна еңбек етіп, кафедраның жетістіктерге жетуіне үлес қосты.

2022 жылдан бастап қазіргі күнге дейін кафедра меңгерушісі Бижанова Карлыгаш кафедраны басқарып келеді.

Кафедра құрамында 27 профессор-оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 12 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 12 магистр, 4 өндірістік оқытушы.

Кафедра елімізге, өлкемізге математика, физика, информатика мұғалімдерін даярлауды табысты жүзеге асырып келеді.