Республика күніне орай «Жалпы педагогика» кафедрасы 2-курс студенттерімен куратор сағатын өткізді.

Тақырып
Республика күні – ұлттық бірегейліктің негізі
Өткізген
Ерубаева Айдана Асқарқызы
Курс
2-курс

Іс-шара барысында студенттер 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тарихи маңызымен танысты. Сонымен қатар Қазақстанның егемендікке жету жолы, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы және Республика күнінің ел тарихындағы орны туралы ақпарат берілді.

Мақсаты: студенттердің тарихи танымын кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Республика күні — егемендігімізді ұлықтап, елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!

📷 Дереккөз: «Жалпы педагогика» кафедрасының Instagram парақшасы (yu_pedagogy)

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like