2026 жылғы 7 қазанда Педагогика факультеті, Тарих және дәстүрлі өнер кафедрасының аға оқытушысы Р.Г. Ережепова Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақ халқының қалыптасуы. XV–XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Жүргізген
Ережепова Р.Г., аға оқытушы
Пән
Қазақстан тарихы
Курс
1-курс
Ашық сабаққа 1-курс студенттері қатысты. Сабақтың мақсаты — студенттерге қазақ халқының қалыптасу тарихын, Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын, сондай-ақ XV–XVIII ғасырдың басындағы қазақ мемлекеттілігінің тарихи маңызын түсіндіру.
Сабақ барысында студенттер қазақ халқының қалыптасу кезеңдері мен Қазақ хандығының тарихына қатысты маңызды мәліметтермен танысып, өз білімдерін толықтырды. Ашық сабақ студенттердің тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға құрметін тереңірек тануға ықпал етті.
📷 Дереккөз: «Тарих және дәстүрлі өнер» кафедрасының Instagram парақшасы (tarih_zhane_dasturli_oner)



