Іргелі ғылымдар кафедрасы оқытушысының қатысуымен жүргізілген зерттеу Scopus базасындағы Eurasia Journal of Mathematics, Science and Technology Education журналында жарияланды.
Зерттеуге 356 болашақ физика мұғалімі қатысты. Олардың технологиялық-педагогикалық пәндік білімі (TPACK), оптиканы оқытудағы өз-өзіне сенімділігі және цифрлық технологияларды пайдалану деңгейі бағаланды.
Болашақ мұғалімдердің TPACK деңгейі жоғары, ал оптиканы оқытудағы сенімділігі мен цифрлық технологияларды қолдануы орташа деңгейде болды. Цифрлық технологияларды пайдалану тәжірибесі барлық үш көрсеткішке күшті әсер етті.
Оптиканы оқытудағы сенімділік пен цифрлық технологияларды қолдану бірге TPACK деңгейінің 47%-ын түсіндіреді. Авторлар педагогтарды даярлау бағдарламаларында технологияны біріктіру мен пәндік сенімділікті кешенді дамытуды ұсынады.
Авторлар: У. Абитаева, А. Сарыбаева, А. Алмагамбетова, Д. Жарылгапова, И. Усембаева, Л. Таймуратова (Іргелі ғылымдар кафедрасы)



