Іргелі ғылымдар кафедрасының оқытушысы қатысқан зерттеу Scopus базасындағы European Journal of Science and Mathematics Education журналында жарияланды.
Зерттеуге Жетісу облысының 60 математика мұғалімі қатысты. Олар төрт «қисынға қайшы» есепті төрт кезең бойынша шешті: алғашқы интуитивті жауап, пайымдау, есептеу және әріптестермен талқылау.
Нәтижелер көрсеткендей, алғашқы интуитивті жауаптар жүйелі қателерге жиі әкелген, ал формалды есептеу дәлдікті арттырған. Ең тиімді кезең — әріптестермен талқылау: дәл осы кезеңде, әсіресе ең күрделі есептерде, дұрыс жауаптар саны айтарлықтай өсті.
Авторлардың қорытындысы бойынша, мұндай есептер математикалық ойлауды, тұжырымдамалық түсінікті және бірлесіп оқуды дамытудың тиімді құралы бола алады.
Авторлар: А. Баймуханов, С. Д. Сони, Г. Кощанова (Іргелі ғылымдар кафедрасы) және әріптестер



